
Соңғы апталарда «Өрмекші адам» фильмі кассалық түсім рекордын жаңартуды жалғастырып жатыр. Туынды Қазақстанда екі апта ішінде жалпы 1,9 млрд теңгеден астам кассалық түсім жинады.
Фильм алғашқы демалыс күндері-ақ үлкен сұранысқа ие болып, алғашқы аптада 1 373 950 115 теңге жинаған еді. Ал екінші аптада прокат қоржыны тағы 558 666 920 теңгемен толықты.
Отандық кинотеатрлар рейтингінде екінші орында Кристофер Ноланның «Одиссея» картинасы жайғасқан. Прокатта 4 апта жүрген туынды соңғы аптада 195 млн теңге жинап, Қазақстандағы жалпы кассасын 1,5 млрд теңгеге жеткізді.
«Өрмекші адам» әлемдік деңгейде де үлкен жетістікке жетті. Variety басылымының мәліметінше, фильм әлемдік прокатта 2 миллиард долларлық межені бағындырды.
Осылайша, туынды кинематограф тарихында 2 миллиард доллардан астам табыс тапқан сегізінші фильм атанды.