Қытайлық CNCEC «Қазақмыс» зауытында 213,8 млн долларға жаңа цех салады

Жарияланды 18 Тамыз 2026 16:39

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
China National Chemical Engineering Company Қазақстанда жаңа күкірт қышқылы цехын салады / фото: ЖИ көмегімен

China National Chemical Engineering Company (CNCEC) «Қазақмыс» корпорациясының Жезқазған мыс балқыту зауытында жаңа күкірт қышқыл цехын салады. Бұл туралы қазақстандық компания хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.

Жаңа цехтың жобалық қуаты жылына 350 мың тонна күкірт қышқылын өндіруге жетеді. Нысанды жоспар бойынша 2028 жылы пайдалануға беру көзделген.

Жаңа өндірісті салумен қатар CNCEC технологиялық газдарды ұстау және тазарту жүйесін жаңғыртады. Жоба іске асқаннан кейін технологиялық газдарды ұстау деңгейі 99%-ға жетеді.

«Қазақмыс» мыс концентратын өндіру көлемі бойынша әлемде 20-орында, ал қара және катодты мыс өндірісі бойынша 12-орында тұр.

2025 жылы компания 243 мың тонна мыс концентратын және 363 мың тонна катодты мыс өндірді.

Сондай-ақ оқыңыз