Димаш Құдайберген әйелге қол көтергендерді малға теңеді

Жарияланды 18 Тамыз 2026 17:48

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
dimashuniverse.com, бильд-редактор: Дастан Шанай

Әлемге әйгілі әртіс Димаш Құдайберген әйелге қол көтеретін ер азаматтарды қатты сынға алды. Әдетте ұдайы сыпайы сөйлейтін ол бұл жолы қатқыл сөздерді де қолданды.

Оның пікірінше, әйелге әлімжеттік жасау – адамдықтың ең төменгі шегі.

«Әйелді сабап, соны мақтаныш көретіндер, қай беттеріңмен өздеріңді еркекпін деп жүрсіңдер?! Жұдырықтарың әйелге ғана жүретін болса, сендер еркек емес – малсыңдар, болды. Әйелге әлімжеттік жасап абырой жинаймын деу – адамдықтың ең төменгі шегі!» – деді Димаш.

Соңғы кездері күйеулері ұрып өлтірген әйелдердің оқиғасы қоғамды қатты дүмпу тудырып отыр. Жамбыл облысында «Барни» жегені үшін таяқ жеген жас әйел өзіне қол жұмсады. Абай облысында бұрынғы әйелін бейсбол таяғымен ұрып өлтірген ер адам 12 жылға сотталды. Ал Шымкентте ер адам бұрынғы әйелінің бетіне қышқыл шашып жіберген еді.

Сондай-ақ оқыңыз