Бір жылда Қазақстан картасынан 64 ауыл жойылып кеткен

Жарияланды 19 Тамыз 2026 14:40

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Ауылдар азайып бара жатыр / фото: ЖИ көмегімен жасалды

Қазақстанның ауылдық картасы бір жылдың ішінде айтарлықтай өзгерді. 2025 жылғы 1 шілдеде елде 6 124 ауыл болса, 2026 жылғы 1 шілдеде олардың саны 6 060-қа дейін азайған. Яғни небәрі бір жылдың ішінде статистикадан 64 ауыл кеміді.

ҚР Ұлттық статистика бюросының деректерін салыстырғанда, ауылдар санының қысқаруы барлық өңірде бірдей жүрмегені байқалады. Өзгеріс небәрі алты облыста тіркелген.

Ең көп ауыл Қостанай облысында азайған. Мұнда ауылдар саны бір жылда 492-ден 475-ке түсіп, 17 елді мекенге қысқарған.

Қазақстанда ауылдар саны азайды
2025 және 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша
01.07.2025
6 124
01.07.2026
6 060
−64 ауыл
ӨҢІР
01.07.2025
01.07.2026
ӨЗГЕРІС
Қостанай облысы
492
475
−17
Ұлытау облысы
72
56
−16
Ақмола облысы
589
574
−15
Шығыс Қазақстан облысы
350
342
−8
Павлодар облысы
352
345
−7
Қызылорда облысы
223
222
−1
Дереккөз: ҚР Ұлттық статистика бюросы · Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Одан кейін Ұлытау облысы тұр. 2025 жылғы шілдеде өңірде 72 ауыл болса, бір жылдан кейін 56 ауыл қалған. Айырма – 16 ауыл.

Ақмола облысында ауылдар саны 589-дан 574-ке дейін азайған. Яғни бір жылда 15 ауылға кеміген.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында ауылдар саны 350-ден 342-ге дейін (−8), Павлодар облысында 352-ден 345-ке дейін (−7), ал Қызылорда облысында 223-тен 222-ге дейін (−1) қысқарған.

Осылайша, Қостанай, Ұлытау және Ақмола облыстарының өзінде 48 ауылға азайған. Бұл ел бойынша тіркелген жалпы қысқарудың 75%-ын құрайды.

Айта кету керек, статистикадағы ауыл санының азаюы барлық жағдайда елді мекеннің толықтай қаңырап, жойылып кеткенін білдірмейді. Ауылдар әкімшілік-аумақтық өзгерістер нәтижесінде таратылуы, басқа елді мекеннің құрамына қосылуы немесе мәртебесінен айырылуы мүмкін.

Соған қарамастан, көрсеткіш Қазақстандағы ауылдық елді мекендер желісінің біртіндеп өзгеріп жатқанын көрсетеді. Бір жылдың ішінде елдегі ауылдар саны шамамен 1%-ға қысқарған.

Тағы да оқыңыз →
Қазақстан нарығындағы ең қымбат 20 компания (Инфографика
Сондай-ақ оқыңыз