
Белгілі актер әрі әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы қоғамнан әділдік сұрады, деп хабарлайды Kursiv.LifeStyle.
«Ұзақ уақыт бойы бұрынғы жұбайым Жақсыген Н. мені тыныш қалдырмады. Бұл жағдай туралы көпшілік біледі. Осы уақыт аралығында менің және отбасымның атына қорлайтын әрі ар-намысымызға тиетін сөздер айтылып, мен туралы шындыққа жанаспайтын және абыройыма нұқсан келтіретін ақпараттар таратылды. Ұзақ уақыт бойы мен сабыр сақтап, мұның бәрі тоқтайды деп үміттендім», – деді ол.
Ол осы қорлаудың барлығына үнсіз қалуға болмайтынын түсініп, заң көмегіне жүгінуді жөн көріп, Алматы облысы Қарасай ауданының полиция басқармасына арыз түсірген. Нәтижесінде өкілеттін орган Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты қылмыстық сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Фариза Алмасқызының айтуынша, қылмыстық іс аясында Жақсыген қатысты «үйқамаққа» отырып, кешірім сұраған. Алайда жәбірленуші кешірімді қабылдамай сотқа берген.
Жақсыгеннің тарабы сотты ашық өткізуді қалаған. Алайда Алмасқызы бұл шешіммен келіспеген. Дегенмен сот ашық өтетін болып шешім қабылданған.
Алғашқы сот отырысы 25 тамызға белгіленген. Алмасқызы соттың ашық өтуі, қоғамдық пікір арқылы бұрмалауға алып келе ме деп қорқады.
Жайдарманшы, актер Нұрсұлтан Жақсыген әйелі – Фариза Алмазқызымен ажырасқаннан кейін экс-жұбайын балағаттап, түрлі өсек-аяң таратқан. Бұл туралы Фариза сұхбаттарында да, желідегі парақшасында да жазды. Оған қоса, Нұрсұлтанның өзі арагідік әйелін сөзбен түйреп, stories-ке салып отырады. Шоумен әйеліне ауыр сөздер айтып, өзінен туған балаларына көмектеспейтінен бөлек, бұрынғы қайынжұртына да жиі тіл тигізеді. Фаризаның айтуынша, Жақсыген оған талай рет жала жауып, шектен шыққан.