
Қазақстандық Kinopark Theatres және Tiger Films кинокомпаниясы Франция мен Қазақстанның Елшіліктерінің қолдауымен «Жәмила Парижде» атты халықаралық жаңа киножобаның түсірілімін ресми түрде бастады, деп хабарлайды Kursiv.Media. Бұл отандық кинематография тарихында Франция астанасы Париж қаласында таспаланып жатқан алғашқы фильмдердің бірі.
Жоба серіктесі әрі Kinopark Theatres өкілі Ерлан Бұхарбаевтың айтуынша, бұл туындының басты ерекшелігі – оның халықаралық құрамында. Түсірілім алаңында қазақ, француз және ағылшын тілдері қатар естіліп, екі елдің үздік мамандары бірлесе жұмыс істеп жатыр.
Фильмдегі басты рөлдерді отандық көрерменге танымал актерлер – Жасұлан Көпберген, Аружан Тимур, Азамат Сатыбалды және басқа да өнер иелері сомдайды.
Париждің ең көрікті мекендерінде басталған ауқымды түсірілім жұмыстары алдағы күндері де өз жалғасын табады.
Бұған дейін, Қазақстанда «Париж Сен-Жермен» футбол клубының академиясы ашылған еді.