Павлодар мұнай-химия зауыты жөндеу жұмысы 2027 жылға шегерілді

Жарияланды 24 Тамыз 2026 11:30

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Мұнай өңдеу зауыты / фото: mailkz

«ҚазМұнайГаз» Павлодар мұнай-химия зауытында (ПМХЗ) 2026 жылға жоспарланған жөндеу жұмысын 2027 жылдың наурызына ауыстырды. Компания мұндай шешім ішкі нарықта жанармай тапшылығына жол бермеу үшін қабылданғанын мәлімдеді.

Бастапқыда зауыт 18 қыркүйек пен 17 қазан аралығында жөндеуге жабылуы тиіс болған. Алайда күзгі кезеңде жанармайға сұраныс жоғары болатындықтан, өндірісті тоқтатпау туралы шешім қабылданған.

Қазір ПМХЗ бен Атырау мұнай өңдеу зауытын күрделі тоқтаусыз үш жылда бір рет жөндеуге мүмкіндік беретін ұзартылған жөндеуаралық кезеңге көшіру жұмыстары жүріп жатыр. Шымкент мұнай өңдеу зауыты қазірдің өзінде осындай режиммен жұмыс істейді.

Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз» Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын жылына 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға, ал Павлодар зауытының қуатын 6 млн тоннадан 9 млн тоннаға дейін арттыруға арналған жобалық құжаттама әзірленіп жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, экономистер АИ-92 бензині алдағы уақытта да үздіксіз қымбаттай беретініне сенімді.

Сондай-ақ оқыңыз