
Алматылықтар 25-26 тамызда көзін тегін тексерте алады. Ол үшін Шевченко көшесі, 59 мекенжайында орналасқан Президент іс басқармасы медициналық орталығының Ұлттық госпиталіне сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін бару қажет.
Сол жерде Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының диагностикалық автобусы тұрады. Азаматтар тегін офтальмологиялық тексеруден өте алады.
Қазақстандағы алғашқы мобильді офтальмологиялық орталық көзді тексеруге қажет заманауи медициналық техникамен жабдықталған. Алдын ала тіркелудің қажеті жоқ, сол жерде кезекке тұру керек.
Айта кетейік, бала көру қабілетінде қиындық барын айтпаса, бұл оның көзінде мәселе жоқ дегенді білдірмейді. Кейде баланың көзі нашар көретінін ата-анасы ұзаққа дейін байқамайды, бірақ ол баланың дамуына, оқу үлгеріміне және жалпы өмір сапасына әсер етуі мүмкін.