«Ешкім ақтап алайын деп тұрған жоқ»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің адвокаты видео жариялады

Жарияланды 24 Тамыз 2026 18:06

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы «қоғамнан әділдік сұрады» / Фото: Kyn.kz

Актер әрі әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызымен соттасып жатыр. Алғашқы сот отырысы 25 тамызда өтеді. Әзілкештің адвокаты Тілеужан Кішкенебаев әлеуметтік желіде видео жариялап, басты мақсаты кінәліні анықтау екенін мәлімдеді.

«Нұрсұлтанды судан ақ, сүттен таза дей алмаймын. Ол туралы ештеңе айтпаймын. Бір ғана нәрсені білгім келеді. Нұрсұлтан «парақшаны мен ашпадым, біреулер атымды жамылып отыр» дейді. Нұрсұлтан ашпаса, кім ашты? Осы бір сұрағымыз бар. Парақшаны кім ашты? Кімге тиесілі? Қай уақытта ашылған? Осы сұрақтарға жауап алу үшін тергеушіден сараптама тағайындауын сұрадық, бірақ ол бас тартты. Сараптаманы соттан сұраймыз», – дейді Кішкенебаев.

Сөзінше, Нұрсұлтан Жақсыгеннің әрекеті дәлелдене, заң бойынша жазасын алады. 

«Нұрсұлтан жасаған болса, заң бойынша тиісті жазасын алады. Ешкім оны ақтап алайын деп тұрған жоқ. Егер Нұрсұлтанға күйе жағылып жатса, кімнің әрекеті екенін анықтау керек. Кінәлі адамдар жазасын алуы керек», – дейді адвокат.

Бұған дейін Фариза Алмасқызы видео жариялап, біраз уақыт бойы өзі туралы шындыққа жанаспайтын және абыройына нұқсан келтіретін ақпарат таратылғанын айтты.

Оның сөзінше, қылмыстық іс аясында Жақсыген қатысты «үйқамаққа» отырып, кешірім сұраған. Алайда жәбірленуші кешірімді қабылдамай сотқа берген.

Сондай-ақ оқыңыз