Джон Сноу мен Хәрри Поттер: Кит Харрингтон жаңа сериалға түспекші

Жарияланды 25 Тамыз 2026 08:42

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
фото: Apple TV

«Тақтар ойыны» сериалының жұлдызы Кит Харингтон HBO арнасы түсіріп жатқан «Хәрри Поттер» сериалының екінші маусымына түседі. Ол мақтаншақ, өзімшіл профессор Гилдерой Локхарт рөліне бекітілді. Бұл туралы сериал продюссерлері мәлімдеді.

Бастапқыда профессор рөліне Николас Холт таңдалған еді. Бірақ ол басқа да ірі жобаларға, соның ішінде «Суперменнің» жалғасына қатысып жатқандықтан әріптестікті тоқтатқан.

Хәрри Поттер және профессор Гилдерой Локхарт

Ал Кит Харингтон жаңа кейіпкермен бұрыннан таныс. 2025 жылдың соңында ол «Хәрри Поттер және жасырын бөлме» романы бойынша дайындалған аудиоспектакльде дәл осы Локхартты дыбыстаған. Актердің өзі Джоан Роулинг шығармаларының жанкүйері екенін де жиі айтады, сондықтан HBO ұсынысын бірден қабыл алған.

Сериалдың екінші маусымының түсірілімі 2026 жылдың күзінде Ұлыбританияда басталады. Ал жобаның алғашқы маусымы 2026 жылғы 25 желтоқсанда HBO және HBO Max платформаларында көрерменге жол тартады.

40 жастағы Кит Харингтон «Тақтар ойынындағы» Джон Сноу рөлі арқылы әлемдік танымалдыққа ие болған. Британдық актер сериалдағы рөлі үшін «Эмми» сыйлығын иеленді.

Оқи отырыңыз: «Соңғы үш жылда мұнша ет жемеген шығармын»: Джейме Ланнистер Астанаға келді

Сондай-ақ оқыңыз