Доллар 516 теңге: сарапшылар 2027 жылға қандай болжам жасады

Жарияланды 28 Тамыз 2026 12:37

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Сарапшылар кезекті болжамын жасады / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Ұлттық банктің тамыздағы макросауалнамасында 2027 жылға доллар бағамы бойынша болжам 532,1 теңгеден 516,2 теңгеге төмендеген. 2026 жылға болжам да 500 теңгеден 490 теңгеге түсті.

Инфляция бойынша болжам да нашарлаған. 2027 жылға болжам 7,8%-дан 8,5%-ға, 2028 жылға 6,8%-дан 7%-ға көтерілді.

Сарапшылар базалық мөлшерлеме де жоғары деңгейде ұзақ сақталады деп отыр. 2027 жылдың соңына болжам 13%, 2028 жылға 10,5%.

Экономикалық өсімге қатысты болжам өзгерген жоқ: 2026 жылы ЖІӨ 4,8%, 2027 жылы 4,6%, 2028 жылы 4,3% өседі деп күтіледі.

Яғни нарықтың қазіргі ойы қарапайым: теңге бұрын күткендей қатты әлсіремеуі мүмкін, бірақ инфляциямен күрес ұзаққа созылады.

Сондай-ақ оқыңыз