
Абай облысында қытай инвесторларымен бірлесіп, кірпіш зауыты салынып жатыр. Инвестиция көлемі 1,5 млрд теңгені құрайды. Жаңа кәсіпорын өңірдегі құрылыс материалдарына дегенсұранысты жабады. Сондай-ақ сырттан тасымалданатын өнімге тәуелділікті азайтпақ.
Қазір Абай облысында бюджет есебінен 22 әлеуметтік нысан бой көтеріп жатыр. Облыс әкімі Берік Уәли өңір үшін бұл өндірістің айрықша маңызға ие екенін атап өтті.
Кәсіпорын 3 гектар аумақта орналасады. Зауыт цифрлық технологиямен жабдықталып, кірпіштің төрт түрін шығарады. Өндіріс ошағы тәулігіне 100 мың, ал жылына 36,4 млн дана кірпіш өндіруге қауқарлы.
Нысанды 2027 жылдың сәуір айында пайдалануға беру жоспарланған. Өндіріс іске қосылғанда жергілікті тұрғындар үшін 25 жаңа жұмыс орны ашылады.
Абай облысында өзге де ірі өндіріс ошақтары дамып келеді. Мәселен, Аягөз ауданында жылына 250 мың тонна мыс кенін өңдейтін Sarybulak Operating байыту фабрикасы іске қосылды.
Бұдан бөлек, өңірде SUTO Kazakhstan индустриялық паркі, құны 7,7 млрд теңгелік Eurasia AgroSemey ет комбинаты және 7,1 млрд теңгеге бағаланған Qazaq Astyq Group күнбағысты терең өңдеу кешені салынып жатыр.
Компания директоры – Жетісу облысына танымал кәсіпкер Хажай Тұрсынғазы. Алайда серіктестік құрылтайшылары ақпарат ашық деректерде жоқ.
Бұған дейін облыс әкімі қытай инвесторларын Абай өңіріне шақырған.
Оның алдында түрік компаниясы Абай облысында 482 млн долларға кен комбинатын салғалы жатқаны мәлім болды.