Динара Сәтжан келін түсіруде

Жарияланды 28 Тамыз 2026 21:51

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Динара Сәтжан келінімен
Динара Сәтжан келін түсіруде / фото: инстаграм парақшасынан

Тележүргізуші әрі блогер Динара Сәтжанның Даниал есімді ұлы Айнұр есімді бойжеткенмен бас қосты, деп хабарлайды Kursiv.LifeStyle.

28 тамызда Айнұр есімді қыздың ұзату тойы өтуде. Бұл туралы тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Бүгін келінімізді үйге алып қайтамыз! Бұл өте үлкен жауапкершілік. Заманауи ене ретінде зумерлердің өз жеке шекараларына өте ұқыпты қарайтынын жақсы түсінемін. Кез келген ата-ана үшін ең маңыздысы — балаларының бақытты болғанын көру!» – деп жазды ол.

Бұған қоса ол келінімен қарым-қатынас үшін жеке өзін тәрбиелеуге дайын екенін айтып, олардың жеке шекарасын сыйлатынын, тек қажетті кезде жанынан табылатынын атап өтті.

Динара Сәтжан келінінің көйлегін отандық бренд дайындағанын жазды.

«Біздің аяулы қалыңдығымыз дизайнер Мадина Массакова тіккен ғажайып ұлттық киімде. Бұл – жай ғана көз тартатын сұлулық емес. Бұл – жүректе сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын ерекше мұра», – деп жазды жүргізуші.

Айта кетейік шілде айының басында тележүргізуші Динара Сәтжанның болашақ келініне сырға салғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз