
Британдық ересектерге арналған фильмдер актрисасы Бонни Блю (шын аты –Тиа Биллингер) ұл баланы өмірге әкелгенін хабарлады.
Бұл туралы Us Weekly басылымы хабарлады.
Актрисаның өкілі де отбасында сәби дүниеге келгенін растады. Оның айтуынша, Бонни Блю өзін жақсы сезінеді. Ол Лондондағы Сент-Мэри ауруханасының жанында жаңа туған сәбиімен түскен суретін бөлісті. Дәл осы ауруханада Кейт Миддлтон да босанған.
Бонни Блю жариялаған жазбасында суретке «Менің 1058-шім» деп жазған. Бұл оның бұған дейін өзі мәлімдеген төсектес серіктестерінің санын меңзейді.
Ақпанда ол өзінің «ұрпақ жалғастыру миссиясы» аясында 400 ер адаммен қорғанышсыз жыныстық қатынастан кейін жүкті болғанын мәлімдеген.
2023 жылы Бонни Блю күйеуімен ажырасқан. Сол кезде ол ерлі-зайыптылардың бала сүюге қатысты қиындықтары болғанын айтқан еді.
Мұның алдында тегі жапандық порноактриса Каэ Асакура секс-индустрияны тастап, ислам дінін қабылдады. Бұған дейін ол ересектерге арналған фильмдерге түсіп келген.