«Қала хикаялары» байқауы басталды: бас жүлде – 100 мың доллар

Жарияланды 1 Қыркүйек 2026 12:50

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
фото: pexels

Қазақстанда проза жанрындағы «Қала хикаялары» республикалық әдеби байқауына өтінім қабылдау басталды. Байқау жаңа авторларды анықтап, қолдауға бағытталған, деп жазады Kursiv.Media.

Байқауға Қазақстан азаматтары қатыса алады. Қатысушылар қала тақырыбындағы, бұрын жарияланбаған романдарын ұсынуы керек. Шығарма көлемі кемінде 10 авторлық баспа табақ болуы тиіс. Бір автор бір ғана туынды ұсына алады.

Байқау шығармаларында қала мәдениеті, адам тағдыры, қоғамдағы өзгерістер, ұлттық болмыс пен заманауи құндылықтардың сабақтастығы қамтылуы керек.

Өтінімдер 2026 жылғы 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында қабылданады. Жүлдеге ие болған шығармалар 15 мың данамен басылып, Қазақстан кітапханаларына таратылады. Сондай-ақ ақшалай сыйлықтар беріледі.

  • Бас жүлде – 100 мың доллар
  • I орын – 75 мың доллары;
  • II орын – 50 мың доллары;
  • III орын – 30 мың доллары.

Байқауға қатысу үшін өтінімді qoljazba.bookfund.kz сайты арқылы беруге болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда жүлде қоры 10,5 млн теңге болатын суретшілер байқауы жарияланды

Сондай-ақ оқыңыз