Nomad Games 2026: Қазақстан ат марафонында көш бастап тұр

Жарияланды 2 Қыркүйек 2026 21:49

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
Көрнекі фото: Kursiv.media

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында «Көшпенділер шеруі» ат марафонының алғашқы кезеңі аяқталды. Жарыстың бірінші күнінде қатысушылар жалпы ұзындығы 300 шақырымды құрайтын марафонның 50 шақырымын еңсерді.

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша аралық есепте Қазақстан құрамасы көш бастап тұр. Екінші орында – Қырғызстанның «Ала-Тоо» командасы, үшінші орында «Ыстықкөл» командасы тұр.

Қатысушыларға әлі 250 шақырым жолды бағындыруы қажет.

Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұзындығы 300 шақырым ат марафоны алғаш рет өткізіліп отыр.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2 қыркүйекте Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласының маңындағы Қыршын шатқалында жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз