
2 қыркүйекте Қазақстан қор биржасындағы негізгі индикатор айтарлықтай әлсіреді. KASE индексі бір күнде 0,93% төмендеп, 8 037,30 пунктке түсті. Индекс құрамындағы он акцияның төртеуі қымбаттаса, алтауы арзандады. Сауда көлемі керісінше 1,7 есе артып, 942,2 млн теңгеге жетті.
Қандай компания акциялары қымбаттады
Телеком нарығындағы Kcell (KCEL) осы күнгі үздік нәтижесін көрсетті: акция бағасы 3 166,09 теңгеден 3 181,73 теңгеге көтеріліп, 0,49% өсті.
Электр желілерін басқаратын KEGOC (KEGC) 0,34%, мұнай тасымалдаушы «ҚазТрансОйл» (KZTO) 0,16% қосты. «Қазақтелеком» (KZTK) та аздап қымбаттап, 0,02% өсіммен жабылды.
Акциясы арзандаған компаниялар:
Ең ауыр соққы уран алыбы – «Қазатомөнеркәсіпке» (KZAP) тиді. Оның акциялары 34 741 теңгеден 33 499 теңгеге дейін арзандап, 3,58% жоғалтты.
Қаржы секторында Halyk Bank (HSBK) 1,80% арзандап, 379,05 теңгеде жабылды. Финтех алыбы Kaspi.kz (KSPI) 1,34% төмендеп, 47 760 теңгеге түсті. Әуе тасымалдаушы Air Astana (AIRA) 0,55%, Банк ЦентрКредит (CCBN) 0,21% арзандады. Ұлттық мұнай компаниясы «ҚазМұнайГаз» (KMGZ) акциялары 0,13% төмендеп, 35 200 теңгеде жабылды.
KASE индексі сауда барысында 8 118,60 пунктке дейін көтерілгенімен, сауда соңында 8 037,30 пунктке шегінді. Биржаның ресми дерегіне қарағанда, жыл басынан бергі өсім әлі де 14,3% деңгейінде.
Дегенмен, KASE индексі қыркүйек айын төмендеумен бастаған.