Уран алыбы 3,58% жоғалтты: KASE-дегі бір күнгі сауда қорытындысы

Жарияланды 3 Қыркүйек 2026 08:27

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
KASE индексі тағы да төмендеді / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

2 қыркүйекте Қазақстан қор биржасындағы негізгі индикатор айтарлықтай әлсіреді. KASE индексі бір күнде 0,93% төмендеп, 8 037,30 пунктке түсті. Индекс құрамындағы он акцияның төртеуі қымбаттаса, алтауы арзандады. Сауда көлемі керісінше 1,7 есе артып, 942,2 млн теңгеге жетті.

Қандай компания акциялары қымбаттады

Телеком нарығындағы Kcell (KCEL) осы күнгі үздік нәтижесін көрсетті: акция бағасы 3 166,09 теңгеден 3 181,73 теңгеге көтеріліп, 0,49% өсті.

Электр желілерін басқаратын KEGOC (KEGC) 0,34%, мұнай тасымалдаушы «ҚазТрансОйл» (KZTO) 0,16% қосты. «Қазақтелеком» (KZTK) та аздап қымбаттап, 0,02% өсіммен жабылды.

Акциясы арзандаған компаниялар:

KASE: күн қорытындысы
2 қыркүйек 2026 жыл
Компания
Жабылу бағасы
Өзгеріс
Kcell
KCEL Kcell
3 181,73 ₸
+0,49%
өсті
Кегок
KEGC Кегок
1 489,02 ₸
+0,34%
өсті
ҚазТрансОйл
KZTO ҚазТрансОйл
1 192,02 ₸
+0,16%
өсті
Қазақтелеком
KZTK Қазақтелеком
44 818,00 ₸
+0,02%
өсті
ҚазМұнайГаз
KMGZ ҚазМұнайГаз
35 200,00 ₸
−0,13%
түсті
Банк ЦентрКредит
CCBN Банк ЦентрКредит
4 780,04 ₸
−0,21%
түсті
Air Astana
AIRA Air Astana
702,38 ₸
−0,55%
түсті
Kaspi.kz
KSPI Kaspi.kz
47 760,00 ₸
−1,34%
түсті
Halyk Bank
HSBK Halyk Bank
379,05 ₸
−1,80%
түсті
Қазатомөнеркәсіп
KZAP Қазатомөнеркәсіп
33 499,00 ₸
−3,58%
түсті
KASE
KASE индексі күн қорытындысы
8 037,30
−0,93%
Дереккөз: Қазақстан қор биржасы (KASE) · 2 қыркүйек 2026 жыл
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Ең ауыр соққы уран алыбы – «Қазатомөнеркәсіпке» (KZAP) тиді. Оның акциялары 34 741 теңгеден 33 499 теңгеге дейін арзандап, 3,58% жоғалтты.

Қаржы секторында Halyk Bank (HSBK) 1,80% арзандап, 379,05 теңгеде жабылды. Финтех алыбы Kaspi.kz (KSPI) 1,34% төмендеп, 47 760 теңгеге түсті. Әуе тасымалдаушы Air Astana (AIRA) 0,55%, Банк ЦентрКредит (CCBN) 0,21% арзандады. Ұлттық мұнай компаниясы «ҚазМұнайГаз» (KMGZ) акциялары 0,13% төмендеп, 35 200 теңгеде жабылды.

KASE индексі сауда барысында 8 118,60 пунктке дейін көтерілгенімен, сауда соңында 8 037,30 пунктке шегінді. Биржаның ресми дерегіне қарағанда, жыл басынан бергі өсім әлі де 14,3% деңгейінде.

Дегенмен, KASE индексі қыркүйек айын төмендеумен бастаған.

Сондай-ақ оқыңыз