Қазақстан құнан бәйгеден бірден екі медаль алды

Жарияланды 4 Қыркүйек 2026 12:52

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
Құнан бәйгеде қазақстандық шабандоздар топ жарды/фото: Kursiv Media

Қазақстандық шабандоздар VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында құнан бәйгеде алтын мен қола алды, деп хабарлайды KursivMedia.

Бәйге Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласындағы ипподромда өтіп жатыр. Құнан бәйгеден жарыс жолына 30-ға тарта ат шықты. Ішінде қазақстандық шабондаздардың жеті жүйрігі бар.

Бастапқы алты айналымда 23 нөмірлі қазақстандық шабандоз алда келді, алайда мәре сызығын үшінші болып кесті. Соңғы айналымда 20 нөмірлі шабандоз алға шығып, алтын алды. Ал екінші орынды 10 нөмірлі қырғызстандық шабандоз алды.

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көпшенділер ойындарында үш күнде қазақстандық спортшылар 34 медаль алды. Оның ішінде 16 алтын, 8 күміс және 10 қола бар.

Сондай-ақ оқыңыз