Энрике Иглесиас концерт беретін күні Алматыдағы қоғамдық көлік қалай жүреді

Жарияланды 5 Қыркүйек 2026 12:25

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Фото: Enrique Iglesias концерті өтеді / Фото: shutterstock.

Энрике Иглесиастың (Enrique Iglesias) концерті өтетін күні Алматыдағы қоғамдық көлік, оның ішінде метрополитен қалыпты режимде жұмыс істейді. Концерт 5 қыркүйекте Орталық стадионда кешкі сегізде басталады.

Концентке келушілер электрондық билетті телефонға алдын ала сақтап қойғаны жөн.(скриншот жасап немесе қолданбаға жүктеп алыңыз).

Өз орныңызға тек секторыңызға сәйкес кіреберіс арқылы кіргізеді.

Стадионға тағам мен сусын, үлкен сөмке, дрон, кәсібір фото-видое аппараттар, шыны ыдыстар, жиналмалы орынтықтар, лазер, т.б. алып кіруге болмайды.

Ал концерттен шыққан кезде қала түрғындарын 50 шақты тегін шаттлмен үйлеріне қайта алады. Олар стадионның Абай даңғылы мен Байтұрсынұлы көшесі жағынан жолға шығады.

Тегін шаттлдар Әуежай, Орбита шағынауданы, Алматы-1 теміржол вокзалы, Райымбек-Алатау, Алматы Арена жаққа қарай барады.

Enrique Iglesias 4 қыркүйекте Алматыға ұшып келді.

Сондай-ақ оқыңыз