Трамптың ұлы мен қазақстандық блогер Моңғолия тауларында адасып кетті

Жарияланды 8 Қыркүйек 2026 16:16

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: instagram

Танымал қазақстандық тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым (@bydastann) мен АҚШ президентінің ұлы кіші Дональд Трамп Моңғолияның таулы аймағындағы саяхат кезінде жол таба алмай қалды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Саяхатшылар табиғат аясында бірге бірнеше күн өткізген. Сапар барысында олар Моңғолияның таулы жерлерін аралау кезінде өзеннен өтетін өткелді таба алмай, бағыттан адаса жаздады.

Шетелдік мейманмен табиғат аясында үш күн бірге болған Дастан Мұхамедрахым сапар соңында кіші Дональд Трампқа қазақтың дәстүрлі шапаны мен тымағын сыйға тартты.

Еске сала кетейік, қазақстандық блогер Дастан Мұхамедрахым бұған дейін Францияда «Үздік тревел-блогер» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған еді.

Сондай-ақ оқыңыз