Қазақстанда пәтер жалдау күрт қымбаттады

Жарияланды 9 Қыркүйек 2026 13:06

(жаңартылды 9 Қыркүйек 2026 23:32)
Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Пәтер жалдау құны тағы да көтерілді / Фото: shutterstock.

Тамыз айында пәтер жалдау бағасы күрт өсіп, бір айда 4,2%-ға қымбаттады. Ал жылдық көрсеткіште баға 17%-ға көтерілген, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Бұл ретте жалдау құны орта есеппен шаршы метріне 5,4 мың (5 350) теңгеге жетті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, шілде айында пәтер жалдау бағасы 1,4%-ға өссе, тамызда 4,2%-ға дейін жеделдеді.

Әсіресе Қостанай (+5,9%), Петропавл (+5,5%), Түркістан (+5,3%), Шымкент және Қарағанды (+5%) қалаларында пәтер жалдау күрт қымбаттады.

Жылдық есепте Павлодар, Петропавлда үйді жалға алу бағасы қатты көтерілді. Одан кейін Алматы, Қызылорда, Астана, Шымкент келеді. Тек Оралда пәтер жалдау арзан.

Шілдеде Алматыда екі бөлмелі пәтерді орта есеппен 300 мың теңгеге, Астанада 350 мың теңгеге жалдауға болатын. Қазір екі қалада да бұл көрсеткіш 350 мың теңгеге жетті.

Сондай-ақ оқыңыз