Миллиардер Тимур Құлыбаевқа тиесілі компания топ-менеджерлеріне қанша төлейді

Жарияланды 10 Қыркүйек 2026 15:17

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Холдингтің басшылары қанша жалақы алған / Фото: shutterstock.

Миллиардер Тимур Құлыбаевқа тиесілі Joint Resources холдингі екі топ-менеджеріне 51,4 млн теңге төлеген. Бұл туралы қаржы есептілігі депозитарийінде жазылған, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ашық ақпаратқа сәйкес, бұл қаражат бас директор Ермек Құдабаев пен орынбасары Света Найзабековаға төленген. Топ-менеджерлер 2024 жылы да осындай жалақы алған.

Joint Resources холдингі энергетика, тау-кен өндірісі және мұнай шығару салаларындағы ірі активтерді бақылап отыр. Түпкі иесі – Тимур Құлыбаев.

Тимур мен Динара Құлыбаевтар Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер тізімінің үшінші сатысында тұр. Олардың әрқайсысының дәулеті 5,4 млрд долларға тең. 

Бұған дейін Joint Resources холдингі тағы бір компания құрғанын хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз