Баян Алагөзова «Қазақ аруы» байқауына кастинг жариялады

Жарияланды 11 Қыркүйек 2026 14:38

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
instagram.com/BayanMaxatkyzy, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Баян Алагөзова жыл сайын өтетін «Қазақ аруы» байқауына қатысқысы келетін қыздарға қандай талап қойылатынын жария етті.

Оның хабарлауынша, бүгін сұлулық байқауына кастинг Керемет ықшам ауданындағы BM Production ғимаратында өтеді.

«Байқауымызды жақсы көретіндер талаптарымызды біледі. Міндетті түрде шығармашылық нөмір керек. «Менде жоқ еді» деп айтпаңыздар. Қара түсті киім, биік өкшелі туфли киіп келіңіздер. Дефиле болады. Сұрақтар қойылады. Әдеттегідей. Сіздердің сұлу қалыптарыңызды көретін боламыз», – деді продюсер.

Баян Алагөзова кастингтің үш күнге созылатынын айтты. Байқау 2-қараша күні Республика Сарайында өтеді.

Айта кететін жайт, былтыр талдықорғандық Дәрия Қуатжан көрермендердің дауысымен «Қазақ аруы – 2025» байқауының жеңімпазы атанды.

Сондай-ақ оқыңыз