«Өксіп шыққан дауысымның дірілін баса алмадым» – Меруерт Түсіпбаева

Жарияланды 14 Қыркүйек 2026 11:53

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
Меруерт Түсіпбаева / фото: Instagram
Меруерт Түсіпбаева / фото: Instagram

Әнші Меруерт Түсіпбаева отадан кейін көз жұмған жан құрбысы Сәуле Базарханның қабіріне барып, еске алды.

Бұл туралы Kursiv.media хабарлайды.

Өнер иесі әлеуметтік желіде марқұммен байланысты естеліктерін бөлісті. Түсіпбаева құрбысының басына барғанда оның суретін көріп, өзін ұстай алмағанын жазды.

«Машинадан түсе сала меңірейген қара тастағы күлімдеген жүзіңді көріп, көзімнен жас парлап, «Сауле!» деп тірі адамды шақырғандай өксіп шыққан дауысымның дірілін біраз уақыт баса алмадым», – деп жазды әнші.

Оның айтуынша, Сәуле Базархан аз уақыт араласса да, оған әрдайым қолдау көрсетіп, қиын сәттерде жанынан табылған.

«Анам, балам, өзім емделуге клиникаға барсақ, ақша алмай әлек қылатынсың. Көнбеген соң, бір амалын тауып, дәрігердің қолы ауырмасын деп, жеке счетына салатынмын», – деді Түсіпбаева.

Әнші сондай-ақ әлеуметтік желідегі жазбалары үшін сынға ұшыраған кездерінде құрбысының үнемі өзін жақтап отырғанын еске алды.

«Мен желіде мыңмен жалғыз алысып отырғанымда үнемі мені жақтап, қолдап отыратын едің. Енді сен жоқсың! Жай ғана, бір төмпешік… Жаның жай тапсын, адал досым», – деп жазды ол.

Меруерт Түсіпбаева мұның алдында өлім аузында жатып, құдайға тіл қатқанын баяндаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз