
Бүктелетін iPhone Duo тұсаукесерінен соң Samsung компаниясы Galaxy Fold 8 смартфонының жарнамасын шығарды. Оның басты кейіпкері – Тим Кук. Осы арқылы кореялық компания бәсекелесіне әзілмен жауап беріп, жиналмалы смартфондар нарығындағы көпжылдық тәжірибесін көрсеткен.
Жарнамаға шынымен де Тим Кук түскен. Алайда бұл жақында ғана Apple басшысы қызметінен кеткен Тим Кук емес, Жаңа Зеландияда тұратын оның толық аттасы болып шықты.
«Ол риэлтор болып жұмыс істейді. Samsung жарнамасында Тим Куктың аттасы «Тим Куктан жаңалық бар. Бұл жолы әңгіме Galaxy туралы», – деп таныстырылады.
Роликте ол компанияның жиналмалы смартфондары туралы айтып, Samsung-ның бұл сегменттегі көпжылдық тәжірибесіне ерекше назар аударады.
Жарнама Samsung мен Apple-дің жиналмалы смартфондар нарығындағы тәжірибесін салыстырады. Samsung алғашқы Galaxy Fold моделін 2019 жылы шығарған. Ал Apple алғашқы жиналмалы смартфоны iPhone Duo-ны тек 2026 жылдың қыркүйегінде таныстырды.
Айта кетейік, шынайы Тим Кук 1 қыркүйектен бастап Apple компаниясының бас директоры қызметін атқармайды.
Бұған дейін Kursiv LifeStyle Apple компаниясының күзгі ауқымды таныстырылым өткізгенін жазған болатын. Іс-шарада компания алғашқы жиналмалы iPhone Duo, жаңа iPhone 18 Pro және 18 Pro Max, Apple Watch Series 12 және Ultra 4, сондай-ақ AirPods 5 құлаққаптарын таныстырды.