Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Астанада картоп егіп, жинап алды

Жарияланды 15 Қыркүйек 2026 10:18

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
http://instagram.com/t_a_d_d_s_

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы Астана қаласында картоп өсіріп, жинап алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Айман желідегі жеке парақшасында, ала жаздай күтіп-баптап, еңбегінің жемісін көруі керемет қуаныш сыйлағанын атап өтті. Жаңа қазылған картоптан дәмді тағамдар жасап, отбасын да қатты риза еткен.  

«Биылғы жылдың ең керемет дәмі. Өзің еккен өнімді бала-шағаңмен рақаттанып жегенге не жетсін! Оны бала-шағаңмен суарып, күтіп, балаларға көрсетіп, еңбекке баулысаң, олардың естерінде мәңгі қалары анық», – деп жазды Айман Талғатқызы.

Оның сөзіне қарағанда, Астанада картоп өсіру оңай емес. Машақаты көп.  

«Астанада біздің жерге өнім егу қиын. Топырағы құнарсыз. Соған қарамастан топырақ әкеліп төсеп, қоршап, соған егіп, уақтылы суарып, махаббатпен қарасаң, ештеңе қорқынышты емес. Мүмкін емес нәрсе жоқ», – дейді Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары.

Оқырмандары «Балғын картоп қуырсаң, қабығы жұқа. Өзі үгітіліп жұмыртқа сияқты дәм. Тәтті. Ауызда ериді», «Қолдыкі керемет», – деп қолдау білдіріп, пысықтығына қайран қалып жатыр.  

Мұның алдында Айман Талғатқызы алдыңғы буын өкілдеріне қатысты көзқарасын айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз