Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың құпиясын ашып ролик түсіргендерге таң қалды

Жарияланды 15 Қыркүйек 2026 10:57

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы, танымал әнші Қайрат Нұртастың құпиясы туралы ролик түсіргендерге таң қалды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

ЖИ арқылы жасалған роликтің мазмұнына аз-кем тоқтала кетсек, Қайрат Нұртас АҚШ-та жүр. Нью-Йоркке ұқсайтын қала көшелерінің бірі. Әнші есік сыртындағы Timbaland Recording studio деген жазуды оқиды. Сосын ішке кіріп, бір күрсініп алып, қапсағай келген қара нәсілді адамға әндері жазылған ескі касетасын ұсынады. Сол кезде Қайрат Нұртастың «Ол сен емес» деген әні шырқалады.

Студио қожайыны әнді қатты ұнатып, жымияды. Содан кейін әншінің америкалықтарға концерт беріп, сахнада тұрғаны көрінеді.

Гүлзира Айдарбекова бұл роликке қатты қайран қалды. Құпиясы ашылып қалғанын жасырмады.

«Біздің ойымызды кім оқып, мына видеоны жасады екен? Концерт солай ерекше өтеді, бұйыртса. Мүлде бөлек концерт болмақ», – деп жазды продюсер АҚШ-та концерт беру туралы құпия жоспарымен бөлісіп.

Гүлзира Айдарбекованың пікірінше, Қазақстанда бір ғана аңыз адам бар. Ол, әрине, Қайрат Нұртас.

Сондай-ақ оқыңыз