Үш акция ғана өсті: KASE индексі 0,44% төмендеді

Жарияланды 16 Қыркүйек 2026 08:40

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Қор нарығы төмендеді / фото: Kursiv Media

15 қыркүйекте KASE индексі 0,44% төмендеп, 7 888,46 тармақта жабылды. Бір күнде индекс 35,02 тармақ жоғалтты. Индекс құрамындағы акциялармен сауда көлемі алдыңғы күннен 27% азайып, 1,13 млрд теңгені құрады.

Өсім көрсеткендер

Ең жоғары өсім Air Astana (AIRA) акциясында болды. Жабылу бағасы 679,37 теңгеден 690 теңгеге көтерілді. Жабылу бағалары бойынша есепте өсім 1,56% болды. Kcell (KCEL) 0,49%, Kaspi.kz (KSPI) 0,33% қымбаттады.

Банк ЦентрКредит (CCBN) пен Қазақтелеком (KZTK) акцияларының жабылу бағасы өзгерген жоқ. ҚазМұнайГаз (KMGZ) 0,38%, Кегок (KEGC) 0,39% арзандады.

KASE: күн қорытындысы
15 қыркүйек 2026 жыл
Компания
Жабылу бағасы
Өзгеріс
Air Astana
AIRA Air Astana
690,00 ₸
+1,56%
өсті
Kcell
KCEL Kcell
3 180,79 ₸
+0,49%
өсті
Kaspi.kz
KSPI Kaspi.kz
45 620,10 ₸
+0,33%
өсті
Банк ЦентрКредит
CCBN Банк ЦентрКредит
4 780,00 ₸
0,00%
өзгермеді
Қазақтелеком
KZTK Қазақтелеком
44 600,00 ₸
0,00%
өзгермеді
ҚазМұнайГаз
KMGZ ҚазМұнайГаз
35 450,00 ₸
−0,38%
түсті
Кегок
KEGC Кегок
1 515,12 ₸
−0,39%
түсті
ҚазТрансОйл
KZTO ҚазТрансОйл
1 225,84 ₸
−1,09%
түсті
Halyk Bank
HSBK Halyk Bank
373,97 ₸
−1,79%
түсті
Қазатомөнеркәсіп
KZAP Қазатомөнеркәсіп
30 750,00 ₸
−2,96%
түсті
KASE
KASE индексі күн қорытындысы
7 888,46
−0,44%
Дереккөз: Қазақстан қор биржасы (KASE) · 15 қыркүйек 2026 жыл
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Төмендегендер

Ең әлсіз нәтиже Қазатомөнеркәсіп (KZAP) акциясында тіркелді. Баға бір күнде 31 688 теңгеден 30 750 теңгеге түсіп, 2,96% арзандады. Halyk Bank (HSBK) 1,79%, ҚазТрансОйл (KZTO) 1,09% төмендеді.

Күн ішінде KASE индексі 7 939,03 тармаққа дейін көтеріліп, 7 859,52 тармаққа дейін төмендеді. 15 қыркүйектегі жабылудан кейін индекс жыл басынан бері 12,19% өсімде қалып отыр. KASE ресми дерегіндегі тарихи максимум – 8 131,71 тармақ.

Сондай-ақ оқыңыз