
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтетін XX жазғы Азия ойындарына барған спортшылар арнайы круизде тұрады. Бұл туралы Қазақстаннан ойындардан ақпарат таратуға барған Qazsport телеарнасының тілшісі хабарлады.
«Азия ойындарына келген спортшылар жарыс аяқталғанша үлкен круизде тұрады. Жапония үкіметі арнайы қалашық салдырмады және үлкен крузизге мыңдаған спортшыны орналастырды», – деп хабарлады Qazsport тілшісі.
Айтуынша, круиздің ішінде тұрмысқа қажет заттың бәрі бар, барлық спортшы тең жағдайда тұрып жатыр.
Айта кетейік, Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Ашылу салтанатын қазақстандық жанкүйерлер тікелей эфирде сағат 13:55-те Qazsport пен Qazaqstan арналарынан көре алады.