«Жұрт тағы қосып жүрмесін»: Арман Қоңыр желідегі қауесетке жауап берді

Жарияланды 21 Қыркүйек 2026 10:47

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Аша Матайдың күйеуі Арман Қоңыр желіде өзге қызбен Қытайда бірге қыдырып жүргені жайлы ақпарат тараған еді. Әншінің өзі бұл жағдайды әзілге айналдырды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

«Жайлау» гольф-клубында жүрміз. Менің үндеуім бар еді. Құрметті, оқырманым, әсіресе, қыздар қауымы, бүгін осы жерден сурет салмаңыздаршы. Әйтпесе, кейбір адамдар бізді жүреді деп қалады. Менің айтарым – осы», – деді әнші.

Кейін өзі осы локациядан сурет жариялаған.

«Бүгін бұл жерден Instagram-ға фото салмаймыз. Жұрт тағы қосып жүрмесін», –  деп жазды ол.  

Оның оқырманы да бұл жазбасына түрлі пікір қалдырған.

«Адамдардың фантазиясы жүйрік. Аша Матай сіздің тағдырыңыз. Ондай әйел енді қайталанбайды. Жұрт айта береді. Келесі жылы ұлды болыңыздар. Дәл осы жерге барып суретке түсеміз», –  деп жазған олар.

Еске салсақ, әнші Арман Қоңырдың әлеуметтік желіге салған соңғы суреттері «threads» желісінде көптің талқысына түскен. Онда әнші өзге жас қызбен бірге жүр деген пайым айтылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз