Қазақстан Ресейден қайтадан дизель импорттай бастады

Жарияланды 22 Қыркүйек 2026 09:27

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Дизель импорты / фото: Kursiv Media

Қазақстан 2026 жылғы тамызда Ресейден шамамен 28 мың тонна дизель отынын импорттады. Шілдеде екі ел арасында мұндай жеткізілім болмаған, деп хабарлайды Kursiv Media Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ресей тамызда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Моңғолияға дизель экспортын күрт арттырған. Төрт елге жеткізілген отын көлемі бір айда екі еседен астам өсіп, 370 мың тоннадан асты.

Кім қанша дизель алды?

Тамызда Ресейден төмендегідей дизель жеткізілді:

  • Моңғолияға – шамамен 215 мың тонна;
  • Қырғызстанға – 72 мың тоннадан астам;
  • Тәжікстанға – 56 мың тоннадан астам;
  • Қазақстанға – шамамен 28 мың тонна.

Салыстыру үшін, шілдеде Моңғолия 124 мың тонна, Қырғызстан 4,4 мың тонна, Тәжікстан 16 мың тонна дизель импорттаған. Қазақстанға шілдеде Ресейден дизель жеткізілмеген.

Ресей неге экспортты көбейтті?

Reuters дерегінше, Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарының өндірісі біршама қалпына келген. Елдегі дизель өндірісі тәулігіне шамамен 170 мың тоннаға жеткенімен, трейдерлер бұл көлем толыққанды экспортты қайта бастауға әлі жеткіліксіз екенін айтады.

Ресей бұған дейін ішкі нарықтағы тапшылық пен бағаның өсуіне байланысты дизель экспортына шектеу енгізген. Шектеу қыркүйектің соңына дейін ұзартылғанымен, үкіметаралық келісімдері бар бірқатар елдерге, соның ішінде бұрынғы КСРО мемлекеттеріне жеткізуге рұқсат берілген.

Қаңтар–тамыз аралығында Ресейдің Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға дизель экспорты 2,5 млн тоннаны құрады. Бір жыл бұрын осы кезеңде көрсеткіш 2,6 млн тонна болған.

Сондай-ақ оқыңыз