
Қазақстандық каратэші Бэлла Самашева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Отандасымыз каратэнің кумитэ бағдарламасында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдеге қол жеткізді.
Қола медаль үшін өткен белдесуде Бэлла Самашева Өзбекстан өкілі Севинч Рахимовамен кездесті. Қазақстандық спортшы қарсыласынан басым түсіп, Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді.
Осылайша Самашева Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті жүлдені салды.
Айта кетейік, қазақстандық каратэшілер Жоламан Биғанәбіл 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде және Софья Берульцева 68 келіден жоғары салмақта Азия ойындарының чемпионы атанған еді.