
Қазақстандық ескек есушілер Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.
Қазақстандықтар академиялық ескек есуден ерлер арасындағы рульсіз қос ескекті қайық жарысының А финалында сынға түсті.
Шешуші жарыста Яковлев пен Чернухин қашықтықты 6 минут 25,13 секундта бағындырып, бірінші орынға ие болды.
Күміс жүлдені Қытай спортшылары Чуан Цао мен Мэншуай Ян иеленді. Олар қазақстандықтардан 2,09 секундқа қалып қойды. Ал Өзбекстан өкілдері Максим Голубев пен Алишер Турдиев 6:32,34 нәтижесімен қола медаль алды.
Осылайша Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Қазақстан құрамасының қоржынына Азия ойындарының кезекті алтын медалін салды.