Азия ойындары: Милад Карими спорттық гимнастикадан күміс алды

Жарияланды 24 Қыркүйек 2026 14:07

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Казахстанский гимнаст Милад Карими набрал 14,600 балла и завоевал серебро Азиады-2026 в вольных упражнениях, уступив Карлосу Юло 0,066 балла.
фото: Арлан Олжабай / Olympic.kz

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы еркін жаттығудың финалында Карими 14,600 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.

Алтын медаль Филиппин өкілі, Олимпиада чемпионы Карлос Юлоға бұйырды. Ол 14,666 ұпай жинады. Қазақстандық спортшы чемпионнан небәрі 0,066 ұпайға қалып қойды.

Үздік үштікті Жапония гимнасты Цукияме Шома түйіндеді. Оның нәтижесі – 14,566 ұпай.

Осылайша, Милад Карими Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы жүлде қорын тағы бір күміс медальмен толықтырды.

Айта кетейік, Аичи мен Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыз