
Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында отандықсемсерлесуші Кирилл Проходов ел қоржынына кезекті күміс медаль салды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Шпагамен семсерлесуден сынға түскен қазақстандық спортшы сәтті өнер көрсетіп, финалға дейін жетті.
Олимпиада чемпионымен өткен финал
Кирилл Проходов ақтық бәсекеде жарыс қожайыны, жапониялық танымал спортшы Коки Каномен айқасқа шықты. Тартысты өткен кездесуде жапониялық семсерлесуші 15:13 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, Коки Кано – шпагадан Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиада ойындарының чемпионы.
Осылайша, Кирилл Проходов әлемдік спорт жұлдызына лайықты қарсылық көрсетіп, Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Бұған дейін, спорттық гимнастикадан Милад Карими да күміс медаль алған еді.