
Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында байдарка мен каноэде есуден қола медаль иеленді.
Қазақстандық спортшылар төрттік байдаркамен 500 метрге ескек есуден А финалында сынға түсті. Ұлттық құрама сапында Ольга Шмелева, Стэлла Суханова, Татьяна Токарницкая және Эвелина Костенко өнер көрсетті.
Қазақстандық төрттік қашықтықты 1 минут 37,005 секундта бағындырып, мәреге үшінші болып келді.
Алтын медаль Қытай құрамасына бұйырды. Қытайлық спортшылар 1:33,784 нәтиже көрсетті. Өзбекстан құрамасы 1:36,561 көрсеткішімен күміс жүлдеге ие болды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы жүлде қоры тағы бір қола медальмен толықты.