Қарашығанақ кен орнында RIG 17 бұрғылау қондырғысы іске қосылды

Жарияланды 25 Қыркүйек 2026 09:53

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Қарашығанақ акционерлері Газ өңдеу зауытына инвестиция салуға ниетті емес
Фото: kursiv.media архиві

«Қазбурғаз» АҚ Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнында RIG 17 мобильді бұрғылау қондырғысын пайдалануға берді, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Ол компанияның арнайы тапсырысы бойынша жасалып, халықаралық өндірушілердің заманауи жабдықтарымен жарақталған.

Атап айтқанда, RIG 17 Германияның BENTEC компаниясы шығарған Top Drive жоғарғы жетек жүйесімен, Güçbir Generator дизель-генератор қондырғыларымен жабдықталған.

Сондай-ақ автоматтандыру және жасанды интеллект технологиялары негізіндегі интеллектуалды бейнебақылау жүйелері де бар.

Қондырғыны жасау, монтаждау және іске қосу жұмыстарына Қазақстан, Германия, Қытай және Түркия мамандары қатысты.

Қазақстандық мамандар жабдық өндірушілері мен халықаралық сарапшылардан арнайы оқудан өтіп, заманауи бұрғылау жүйелерімен жұмыс істеу бойынша тәжірибе жинақтап, тиісті сертификаттарға ие болды.

Компанияның мәліметінше, жоба жаңа жұмыс орындарын ашуға, инженерлік құзыреттерді дамытуға және мұнай-сервис саласындағы білікті қазақстандық кадрлардың үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

«Қазбурғаз» АҚ жобаны іске асыруды қазақстандық компанияның халықаралық стандарттарға сай күрделі технологиялық міндеттерді орындауға қабілетті екенін көрсететін жоба ретінде бағалайды.

Қазіргі таңда компания 110 тікелей жұмыс орнын құрған. «Қазбұрғаз» АҚ мұнай-сервис саласындағы жетекші компаниялардың бірі әрі PetroCouncil мүшесі саналады.

Тағы да оқыңыз: Қарашығанақ кен орны акционерлерінің бірі таза падасын бестен бірі есе қысқартты

Сондай-ақ оқыңыз