
Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында қазақстандық мерген Ислам Сәтпаев нысана көздеуден ел қоржынына қола медаль салды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Отандық спортшы 50 метрден үш қалыпта мылтықпен атудан жекелей сайыстың финалдық кезеңінде бақ сынады.
Ақтық сында шеберлік танытқан Ислам Сәтпаев 348.3 ұпай жинап, жүлделі үшінші орынға ие болды.
Осылайша, Ислам Сәтпаев Қазақстан құрамасының қоржынын кезекті медальмен толықтырды.
Бұған дейін, ескек есушілер де қола медаль алған еді.