
Қазақстан ерлер құрамасы Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында батуттағы гимнастикадан іріктеу кезеңіне қатысты, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Роман Барков іріктеу кезеңінде 56,64 ұпай жинап, алтыншы орынмен финалға өтті. Ерлан Тасмағамбетов 54,93 ұпай еншілеп, жетінші орынмен ақтық сынға жолдама алды.
Айта кетейік, финалдық сайыс қорытындысы бойынша суперфиналға өтетін гимнастар анықталады.
Осыған дейін Қазақстандық семсерлесушілер Азия ойындарында қола жүлде алған еді.