Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Азия ойындарының финалына шықты

Жарияланды 27 Қыркүйек 2026 14:01

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Фото: Olimpic.kz

Қазақстанның ерлер құрамасы Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында семсерлесуден финалға шықты, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Шпага бойынша жартылай финалда қазақстандықтар Гонконг құрамасымен кездесіп, 45:34 есебімен жеңіске жетті.

Ұлттық құрама сапында Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Руслан Құрбанов өнер көрсетуде.

Финалда Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен кездеседі.

Сондай-ақ қазақстандық гимнастар да Азия ойындарының финалына шықты.

Сондай-ақ оқыңыз