
Қазақстанның ерлер құрамасы Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында семсерлесуден финалға шықты, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Шпага бойынша жартылай финалда қазақстандықтар Гонконг құрамасымен кездесіп, 45:34 есебімен жеңіске жетті.
Ұлттық құрама сапында Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Руслан Құрбанов өнер көрсетуде.
Финалда Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен кездеседі.
Сондай-ақ қазақстандық гимнастар да Азия ойындарының финалына шықты.