Қазақстан семсерлесуден Азия ойындарының жеңімпазы атанды

Жарияланды 27 Қыркүйек 2026 15:46

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Укол шпагой от казахстанца Вадима Шарлаимова
Фото: kursiv.media архиві

Қазақстанның ерлер құрамасы Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында семсерлесуден командалық сайыста алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Бұған дейін қазақстандықтар шпага бойынша жартылай финалда Гонконг құрамасын 45:34 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған еді.

Финалда Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен кездесті. Тартысты бәсеке 43:42 есебімен отандастарымыздың жеңісімен аяқталды. Осылайша отандастарымыз Азия ойындарының чемпионы атанды.

Ұлттық құрама сапында Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Руслан Құрбанов өнер көрсетті.

Айта кетейік, биыл Қазақстан құрамасы командалық есепте Азия чемпионатында да алтын медаль иеленді. Сонымен қатар әлем чемпионатында тарихта алғаш рет жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ оқыңыз