Қайрат Нұртас концертінен түскен ақшаға сарбаздардың аналарына көмек көрсетпек

Жарияланды 27 Қыркүйек 2026 17:50

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Қайрат Нұртас көлік сыйласа, Нұртас Айдарбек байғазы берді / фото: KursivMedia мұрағаты
фото: KursivMedia мұрағаты

Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында Қайрат Нұртас 30 мың көрермен алдында концерт бергенін жазды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Оның айтуынша, осыдан 20 жыл бұрын әншінің алғашқы концерттеріне небәрі 30 адам жиналған. Айдарбекова сол кезді еске алып, бүгінгі жетістікке ұзақ жылдық еңбектің арқасында жеткенін атап өтті.

«Мұның артында қаншама қара тер, санаулы сағаттар мен күндер емес, 20 жыл еңбек тұр», – деп жазды ол.

Гүлзира Айдарбекова жақында қаза тапқан жас сарбаздардың аналарына көңіл айтып, барша ананың көз жасы тек қуаныштан болуын тіледі. Сондай-ақ Қайрат Нұртас өз еңбегі мен күшін қаза болған сарбаздардың аналдарына көмек көрсетуге арнайтынын жеткізді.

«Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Анасын бала, баласын ана жоғалтпасын», – деп жазды продюсер.

Бүгін Астана аренада Қайрат Нұртастың жеке концерті өтеді.

Қазақстандық әнші Sadraddin Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты Алматыдағы концерттерін кейінге шегерген еді. Оның концерті де бүгін Алматыда өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз