Қазақстан құрамасы Азия ойындарында стенд атудан қола жүлде жеңіп алды

Жарияланды 29 Қыркүйек 2026 08:43

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Фото: Olympic.kz

Қазақстан ерлер құрамасы Aichi-Nagoya 2026 жазғы Азия ойындарында стенд атудан қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Жапонияның Аичи префектурасында өтіп жатқан жарыста стенд атудың трап бағдарламасы бойынша ерлер арасындағы командалық сайыс аяқталды.

Қазақстан атынан Әлішер Айсалбаев, Даниил Почивалов және Марк Почивалов өнер көрсетті. Үш спортшының нәтижесі бойынша ұлттық құрама 348 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.

Алтын медаль Кувейт құрамасына бұйырды. Олар 355 ұпай жинады. Катар спортшылары 349 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Қазақстан екінші орыннан небәрі бір ұпайға қалып қойды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы жүлде қоржынына тағы бір қола медаль қосты.

Бүгін 29 қыркүйек күні Азия ойындарында бокстан Айбек Оралбай финалдық жолдама үшін таласады.

Сондай-ақ оқыңыз