Шымкентте салынып жатқан жаңа үйлерге 10,9%-дан ипотека берілмек

Жарияланды 29 Қыркүйек 2026 17:16

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Алматы жастар тұрғын үй бағдарламасы баспана
Шымкентте жаңа үйлерді арзан ипотекаға алуға болады/ Фото: shutterstock

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» Шымкент қаласында салынып жатқан тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді «Орда аймақ» және «Орда аймақ Плюс» бағдарламалары арқылы сатып алуды бастады, деп хабарлайды Kursiv Media.

Ипотекалық бағдарламалар ҚТК кепілдігі берілген тұрғын үй кешендеріне арналған. Ипотеканың сыйақы мөлшерлемесі 10,9%-дан, ал бастапқы жарна 20%-дан басталады. Бағдарлама бойынша 2 млн теңгеден 75 млн теңгеге дейін қарыз беріледі. Кредиттеу мерзімі 24 айдан 20 жылға дейін белгіленген.

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 11,7%-дан 19,9%-ға дейін болады. Қазіргі таңда бағдарлама бойынша пәтерлер Шымкенттегі Otbasy, Pioneer City, Shattyq City, Жанұя, KAINAR VILLAGE, 4 Seasons-3, SHYRAI Residence, Big Tulpar және Panorama тұрғын үй кешендерінде қолжетімді.

ҚТК мәліметінше, тұрғын үйді құрылыс кезеңінде сатып алу пәтердің құнын шарт талаптарына сәйкес бекітіп, қаржыландыру нұсқасын таңдауға мүмкіндік береді. Пәтерлер мен ипотека шарттары туралы толық ақпарат homeportal.kz тұрғын үй порталында жарияланған.

Тағы да оқыңыз: Тұрғын үйді міндетті сақтандыру қалай әрекет етеді

Сондай-ақ оқыңыз