
Қазақстанның негізгі экспорттық мұнай қоспасы – CPC Blend бағасы барреліне 119,84 долларға жетті, деп хабарлайды Kursiv Media.
29 қыркүйектегі дерек бойынша CPC Blend баррелі 119,84 доллар болды. Алдыңғы көрсеткіш 119,62 доллар болған. Осылайша қазақ мұнайы шамамен 0,2%-ға қымбаттады.
Әлемдік мұнай нарығындағы негізгі эталон саналатын Brent те қымбаттап жатыр. 30 қыркүйекте қараша айына арналған Brent фьючерсінің бағасы 103,30 доллар шамасында болды. Белсендірек саудаланып жатқан желтоқсан фьючерсі 96,51 доллар деңгейінде тұр.
Мұнай бағасына Таяу Шығыстағы геосаяси жағдай әсер етіп отыр. АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы санкцияларды жеңілдетуге дайын екені туралы ақпаратты жоққа шығарғаннан кейін нарықта мұнай жеткізіліміне қатысты алаңдаушылық қайта күшейді. Сонымен бірге Сауд Арабиясының Янбу порты арқылы мұнай жөнелтуін қайта бастауы нарықтағы ұсынысқа қысымды біршама азайтып отыр.