Баға өсімі уақытша баяулады: жыл соңында инфляция қандай болмақ

Жарияланды 3 Қазан 2026 10:03

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қыркүйек айында елдегі инфляция 9,3 пайызға дейін түсті. Дегенмен сарапшылар алдағы уақытта инфляция қайтадан 10 пайызға дейін жетеді деген жасап отыр. Halyk Finance сараптама орталығының есебінше, елдегі баға өсімі уақытша баяулағанымен, жыл соңына қарай қайта үдеуі мүмкін.

Ресми статистика қыркүйек айында жылдық инфляцияның 9,3 пайызға дейін төмендегенін көрсетті. Айлық баға өсімі де бірқалыпты сақталып тұр.

Алайда бұл көрсеткіш негізінен маусымдық факторлардың әсерінен қалыптасты. Қыркүйекте жеміс-жидек пен көкөніс арзандап, азық-түлік бағасы 0,1 пайызға төмендеді.

Сонымен бірге азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызметтер бір айда қымбаттай түсті. Киім-кешек, аяқ киім, бензин мен жуғыш заттар бағасы өсті.

Қыркүйектің өзінде тұрғын үйге қатысты қызметтердің кейбірі 10–20% аралығында қымбаттаған. Ал қазаннан бастап жекелеген қалаларда су мен электр энергиясына жаңа тарифтер енгізіле бастады.

Тұрғын үй-коммуналдық тарифтері мен білім беру, денсаулық сақтау қызметтерінің де құны артты. Маусымдық арзандау аяқталғаннан кейін азық-түлік қайта қымбаттайды. Сондықтан баға өсімі сақталмақ.

Бұл ретте Ұлттық банк 23 қазанда базалық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін. Бұл шешім бизнеске берілетін несиелерді арзандатып, экономикалық белсенділікті қолдайды.

Halyk Finance сарапшысы Арслан Ароновтың айтуынша, бұл шаралар ұлттық валюта бағамына да белгілі бір дәрежеде әсер етеді.

Сондай-ақ оқыңыз