«Көп өтірік айтамыз»: Роза Әлқожа ағынан жарылды

Жарияланды 4 Қазан 2026 11:11

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
Роза Әлқожа ипотекаға алған үйінің қасбетін көрсетті / фото: instagram
фото: instagram

Роза Әлқожа жұлдыздардың бәрі бірдей бай-бақуатты емес екенін айтты, деп хабарлайды Kursiv.media.     

Оның сөзіне қарағанда, өздері көрсеткендей, отбасылары да жұртқа үлгі бола алмайды.

«Көп өтірік айтамыз. Керемет жанұя болып көрінеміз. Ұл-қыздарымызды керемет тәрбиелі, тамаша, өзіміз де керемет. Мұның бәрі өтірік. Шындығында, біз ондай емеспіз. Біз тек жылтыраған жағын саламыз. Әдемі көрінгіміз келеді. Жұрттың бәріне ұнағымыз келеді», – деді әнші.

Оның айтуынша, өздері кредиттен кредитке батып жүр. Өнер иелері өмірлерін тек жақсы жағынан көрсеткендіктен, халық соған иланады.

Мұның алдында Роза Әлқожа соңғы кездері әсіре діншілдер шүйлігіп, «музыка харам» деген кісінің қамалғаны үшін кінәлап жатқанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз