Ақтау теңіз сауда айлағындағы тереңдету жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады

Жарияланды 5 Қазан 2026 11:29

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Порт тереңдгі 6–7 метрге дейін ұлғайтылады/ gov.kz

Ақтау портында су түбін тереңдету бойынша негізгі жұмыстар басталды. Жоба порт инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымал тиімділігін арттыруға бағытталған, деп жазады Kursiv.media.  

Жұмыстар Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты жүргізіліп жатыр. Бұл жағдай порт акваториясының пайдалану мүмкіндіктері мен кеме қатынасына әсер етіп жатыр.

Көлік министрлігінің мәліметінше,  жоба аясында шамамен 1,3 млн текше метр топырақтың алынуы жоспарланған. Нәтижесінде акваторияның тереңдігі 6–7 метрге дейін ұлғайтылады.

Су түбін тереңдету порттың өткізу қабілетін арттырып, Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымал көлемін 30%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар теңіз арқылы жүк тасымалдау құны шамамен 10–15%-ға төмендеуі мүмкін. Жоба порт инфрақұрылымына инвестиция тартуға және кеме қатынасының қауіпсіздігін арттыруға да ықпал етеді.

Қазір мердігер жұмыс кестесін әзірлеп, жобаны белгіленген мерзімге сай жүзеге асырып жатыр. Жұмысты үйлестіру және туындаған мәселелерді жедел шешу үшін тұрақты жұмыс кеңестері өткізіледі.

Су түбін тереңдету жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Тағы да оқыңыз: Ақтау теңіз портының бұрынғы президенті сот залында босатылды

Сондай-ақ оқыңыз